Kz
Ru

ТАБЕКС®

Темекіні тастауға көмектеседі!

упаковка табекс

ТАБЕКС - шылым шегуден бас тартуға арналған дәрілік зат!

ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ЛАКТАЦИЯ КЕЗІНДЕ, БАЛАЛАР МЕН 18 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖӘНЕ 65 ЖАСТАН АСҚАН АДАМДАРҒА ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ.
ҚР-ДЗ-5№016223 03.08.2020ж.,
ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ ШЕКСІЗ.ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҮШІН ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН.

ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ!

Табекс - Никотин тәуелділігіне қарсы дәрі!
Цитизин 1,5 мг
Препарат туралы
  • Табекс препараты шын ниетпен шылып шегуден бас тартқысы келетін адамдарға никотинге тәуелділікті емдеуге арналған. Қолданудың ұсынылған емдік схемасы 25 күн.
  • Табекс құрамында цитизин заты бар, оның химиялық құрылымы никотинге ұқсас және никотинге ұқсас әсері бар.
  • Цитизин - Cytisus Laburnum өсімдігінен айырылатын алкалоид.
  • Табекс дәрілік препараты Болгарияда Софарма фармацевтикалық компаниясында өндіріледі және Қазақстан Республикасында ресми тіркелген.
  • Табекс препараты дәріханаларда РЕЦЕПТСІЗ сатылады.
Әсер етупринципі

Цитизин – никотинге ұқсас химиялық құрылымға ие және организмге еніп, никотин рецепторлармен бәсекелесе байланысады.

Осылайша Цитизин:

- никотиннің никотин рецепторларымен байланысуын

- осы рецепторларды белсендіру арқылы никотинге тәуелділік механизмдерімен байланысты дофамин жүйесін ынталандыру қабілеттілігін болдырмайды.

Табекс препаратының әсер ету нәтижесінде никотинге тәуелділіктің белгілері біртіндеп азаяды.



Қолданутәсілі
  • Таблеткаларды ішке тұтастай, жеткілікті сұйықтық мөлшерін іше отырып, қабылдайды.
  • Темекі шегуді үзілді-кесілді тоқтату емдеуді бастағаннан кейін бесінші күні орын алуы тиіс.
  • Емдеу курсы аяқталғаннан кейін пациент ерік-жігерін көрсетіп, бірде-бір темекі шегуге жол бермеуі керек.
  • Емдеу ұзақтығы - схема бойынша.
  • Алғашқы үш күнде шегілген темекі саны біртіндеп азаяды деп күтілуде.
Дозалау режимі
Препарат төмендегі схема бойынша қолданылады:

Күн Аралық Тәуліктік доза
1-ден 3 күнге дейін 1 таблеткадан әрбір 2 сағат сайын күніне 6 таблетка
4-тен 12 күнге дейін 1 таблеткадан 2,5 сағат сайын күніне 5 таблетка
13-тен 16 күнге дейін 1 таблеткадан 3 сағат сайын күніне 4 таблетка
17-ден 20 күнге дейін 1 таблеткадан 5 сағат сайын күніне 3 таблетка
21-ден 25 күнге дейін күніне 1-2 таблеткадан күніне 1-2 таблеткадан
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде әйелдерге қолдануға болмайды.
Сондай-ақ, Табекс қолдану 18 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан адамдарға ұсынылмайды.
Табекс көлік құралдарын жүргізу және мeханизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Препаратпен емдеу және темекі шегуді жалғастыру никотиннің жағымсыз әсерлерінің күшеюіне (никотиндік уыттану) әкелуі мүмкін.
Егер нәтиже қанағаттанарлықсыз болса, емдеу тоқтатылады және 2-3 айдан кейін оны қайтадан бастауға болады.
Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы:

Жиі: бас ауыру, бас айналу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, жүрек айнуы, ауыздың құрғауы, диспепсия.

* Сирек: ұйқысыздық, ұйқышылдық, іш қату, диарея, құсу, ентігу

* Өте сирек/ оқшауланған жағдайларда және т. б.: тахикардия, пальпитация, қан қысымының аздап жоғарылауы, тітіркенудің жоғарылауы, дәм мен тәбеттің өзгеруі, іштің ауыруы, миалгия, қатты терлеу, дене салмағының төмендеуі, кеуденің ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар:
жүктілік және бала емізу кезеңі
белсенді немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
жедел миокард инфарктісі
тұрақсыз стенокардия
жүрек аритмиясы
таяуда өткерген цереброваскулярлық жағдай
атеросклероз, ауыр артериялық гипертензия
ОНЛАЙН САТЫП АЛУ
Мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз
Ол сізге препаратты қабылдауға көмек береді
Мобильді қосымша пайдаланушыға бүгін қанша таблетка қабылдау керектігін және курстың бітуіне қанша күн қалғанын айтып тұрады.